Ломбардтан ұрланған ұялы телефондар Қалқаман шағын ауданында тәркіленді

3271
Adyrna.kz Telegram

Қалқаман шағын ауданында ломбардтан ұрланған ұялы телефондар тәркіленді, - деп хабарлайды "Адырна" порталы. Бұл туралы Polisia.kz мәлімдеді.

Наурызбай аудандық полиция бөлімінің мәліметінше, 17 жастағы жасөспірім Райымбек даңғылының бойында орналасқан ломбардтардың бірін тонады деген күдікке ілінген. Жәбірленуші тонау салдарынан келтірілген материалдық шығынды 2 миллион теңгеге бағалаған.

Ұрланған мобильді құрылғылар мен гаджеттерді полицейлер күдіктінің жалға алған тұрғын үйінен тапты. Заттай айғақ алынды. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 188-бабының 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.

"Адырна" ұлттық порталы

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Чтобы давление всегда было 120\80, прекратите добавлять в еду...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Видео: малютка и бабуля обсуждают жизнь — умора
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Женатым лучше не смотреть: танец роскошной Татьяны (видео)
Пікірлер