Форт-Шевченко қаласының әкімі мас күйде көлік жүргізгені үшін 15 тәулікке қамалды

2507
Adyrna.kz Telegram

Форт-Шевченко қаласының әкімі мас күйде көлік жүргізгені үшін 15 тәулікке қамалды. Бұл туралы Маңғыстау облысы Түпқараған аудандық сотының баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады "Адырна" ұлттық порталы Lada.kz.-ке сілтеме жасап.

Форт-Шевченко әкімі Шалқыбай Әзірбаев ӘҚБтК-нің 608-бабының 1-бөлігі бойынша сот алдына келді.

- Сот шенеуніктің Toyota Camry көлігін мас күйінде басқарғанын анықтады. Ол Ақтауда Форт-Шевченко автожолының 3-шақырымында ұсталды. Сараптама оның жеңіл дәрежеде мас болғанын растады. Түпқараған аудандық сотының баспасөз қызметі аталған тәртіпбұзушылық 15 күнде қамауға алу және жүргізуші куәлігінен 7 жылға айыру жазасын көздейтінін алға тартты. "Әзірбаев сот отырысында өз кінәсін мойындаған жоқ. Ол алкогольді ішімдік ішпегенін, сыртқаттануына байланысты мойнын спиртпен сүрткенін айтты, - деді сотта.

Мемлекеттік айыптау мемлекеттік қызметкерді кінәлі деп тануды сұрады. Ол 15 тәулікке қамалып, 7 жылға көлік құралын басқару құқығынан айырылды. Қаулы заңды күшіне енген жоқ. 

"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер