Ел Үкіметі қартайып жатыр: министрлердің орташа жасы шамамен 49 жасты құрады

4246
Adyrna.kz Telegram

Ағымдағы жылдың 11 қаңтарында Үкіметтің жаңа құрамы бекітіліп, бірқатар министр ауысқан еді. Осыған байланысты ranking.kz министрлердің жасы бойынша салыстырмалы талдау жасады, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

Үкіметтің жаңа құрамы бекітілгеннен кейін қазақстандық министрлердің орташа жасы 48,9 жасты құрады. Бір жыл бұрын бұл көрсеткіш 48 жас болған еді.

Салыстыру үшін ЕАЭО елдеріндегі министрлердің орташа жасын қарастырайық:

* Ресейде-53,6 жыл;
* Беларуссияда-51,2 жыл;
* Қырғызстанда-50,7 жыл;
* Арменияда-45,7 жыл.

Ал ЕЭК елдерінің барлық министрінің орташа жасы - 50,5 жыл.

ЕАЭО елдерінің ең жас министрі Арменияда тұрады. Ол 32 жастағы Еңбек және әлеуметтік мәселелер министрі – Нарек Мкртчян. Сондай-ақ, Қырғызстан министрлерін, оның ішінде Мәдениет, ақпарат, спорт және жастар саясаты министрі Азамат Қапарұлы Жаманқұлов (34 жас) пен Цифрлық даму министрі Талантбек Орусқұлұлы Имановты (35 жас ) атап өтуге болады.

ЕАЭО елдеріндегі ең жасы үлкен басшы болып Ресей министрлері есептеледі: Сыртқы істер министрі Сергей Викторович Лавров (71 жас), Энергетика министрі Николай Григорьевич Шульгинов (70 жас) және Көлік министрі Виталий Геннадьевич Савельев (68 жас).

Қазақстанда Ішкі істер министрлігін ең қарт министр басқарады. Ол – Тұрғымбаев Ерлан Заманбекұлы (59 жас).

Еліміздің ең жас министрі Ұлттық экономика министрлігін басқарды: Әлібек Сәкенұлы Қуантыров(38 жаста).

Сондай-ақ ең жас үштікке Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Батырбекұлы Мусин (38 жас) және Білім және ғылым министрі Асхат Қанатұлы Аймағамбетов (39 жас) кірді.

«Адырна» ұлттық порталы

Пікірлер