Ауқатты азаматтардың жиған-тергенін әлеуметтік желіге көрсетуін доғарғаны жөн - Ерлан САЙЫРОВ

2368
Adyrna.kz Telegram

Біздің "ауқатты" азаматтарға өзіңнің жиған- тергенін сырт көзге "ашып-шашып", әлеуметтік желіде жарнамалауын доғарғаны жөн.

"Қымбат өмірді" жарнамалау біздің келер ұрпаққа өте үлкен залалын тигізері анық.

Жетістікке жету жапа-тармағай дүниеге ие болу, мешкейлік деген пікір қалыптасса, қоғам ешқашан өзгермейді.

Сонымен бірге, осындай жүріс-тұрыс ел арасында реніш, араздық туғызары анық.

Қазақ әрқашан қарапайымдықты ұлықтаған."Ұлық болсаң, кішік бол" деп бекер айтылмаған.

Бізге жалпы инабаттылық, сымбаттылық дегеніміз қарапайымдылық екендігін түсіну өте маңызды.

Бұл біздің халқымыздың рухани шыңдалуы үшін, болашақ ұрпақтың дұрыс құндылықтарды ұлықтауы үшін керек дүние.

Ерлан САЙЫРОВ

Пікірлер