Шымкентте 72 мыңнан астам адам ревакцинацияланды

2027
Adyrna.kz Telegram

Шымкентте өткен тәулікте коронавирустың 85 жағдайы тіркелді. Оның ішінде 46 адамда белгілері бар болса, 39-да белгілері жоқ. Індет жұқтырған 21 адам инфекциялық стационарға жатқызылып, 64 адам үй бақылауына алынды.

Қазіргі таңға мамандандырылған инфекциялық стационарларда төсек орын толымдығы 47 пайызды құрайды. Инфекциялық стационарда 394 науқас емделіп жатса, 48 науқас жансақтау бөлімінде.

Бір тәулік ішінде қалада 324 адам вакцина алды (I компонент- 172, II компонент- 152). Егу науқаны басталғалы барлығы 594 774 адам вакцинацияланды. Оның ішінде 581 276 адам вакцинаның екі компонентін алды. Pfizer вакцинасының I компонентін 32 622 адам, II компонентін 14 067 адам қабылдады. Сондай-ақ, 72 230 адам ревакцинацияланды.

Қала аумағында санитарлық-эпидемиологиялық талаптардың сақталуына мониторинг жүргізетін 40 мобильдік топ 24 қаңтар күні 106 нысанға тексеру жұмыстарын жүргізді. Оның ішінде карантин режимінің талаптарын бұзған нысандар анықталмады.

Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Бегайте в 65 как в 20! Восстановите суставы этим средством...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Пышнотелая танцовщица заставила зал замереть! Только посмотрите
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Танец на выпускном взорвал сеть: смотреть без детей
Пікірлер