Үкімет жалған және дәл емес статистиканы қолданады – депутат

9205
Adyrna.kz Telegram

Мәжіліс депутаты Елнұр Бейсенбаев палатаның жалпы отырысында Ұлттық статистика бюросының жалған мәлімет тарататынын айтты, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

«Үкіметтің шешім қабылдаудағы кемшіліктерінің бірі – жалған және дәл емес статистиканы қолдану. Статистер тамыз-қыркүйек айларында картоптың үш есе қымбаттағаны туралы естімеген сияқты. Ал кейбір құрылыс материалдары 2,5 есе қымбаттады және олардың бағасы осы күнге дейін сол деңгейде қалды. Сонымен бірге, сауда министрлігі бағаның жалпы өсуі 12% - дан аспағанын айтты. Бұл деректердің ешқайсысын Ұлттық статистика бюросы жоққа шығарған жоқ»,– деді ол.

Депутат жалақы мәселесі бойынша да осындай жағдай бар екенін атап өтті. Мәселен, Ұлттық статистика бюросы елдегі орташа жалақы 257 мың теңгені, ал халықтың жан басына шаққандағы атаулы табысы шамамен 131 мың теңгені құрайды деп хабарлаған.

Бейсенбаевтың айтуынша, қарапайым азаматтарды айтпағанда, статисттердің өздері бұл сандарға сенбейді.

Ресми деректер бойынша, 2021 жылы Қазақстандағы жұмыссыздар саны 4,9%-ды, яғни шамамен 451 мың адамды құраған.

«2021 жылдың қараша айында біз елдегі жұмыссыздар саны әлдеқайда жоғары екенін, ал жастар арасындағы жұмыссыздық деңгейі ойдан шығарылған көрсеткіштермен жасырылғанын атап өттік. Сол жылдың басында Кореяда заңсыз жұмыс істейтін 12 мың қазақстандық туралы айттық. Үкімет тарапынан «біз ескереміз, көреміз, жасаймыз» деген сөздер ғана айтылды», - деді ол.

«Адырна» ұлттық порталы

Пікірлер