РҮСТЕМ АШЕТАЕВ: Неге қоғам нақты іске белсенділік танытпайды? 

1908
Adyrna.kz Telegram
"Көңілім қалды достан да дұшпаннан да" дегендей... Неге қоғам нақты іске белсенділік танытпайды? 
1)Неге біздер "Сайлау заңына өзгерістер енгізу" туралы ұсыныстар әзірлеп, жоғарыға ұсынумен айналыспаймыз?!
2)Неге біздер сот жүйесін реформалау жөнінде ұсыныстар әзірлемейміз?!
3)Неге біздер Әлеуметтік бағдарламалардың халыққа оңтайландырған жолдарын әзірлеп ұсынбаймыз?!
4)Неге біздер білім мен ғылым саласына қатысты ұсыныстарымызды әзірлеп ұсынбаймыз?!
5)Неге біздер жергілікті бюджеттің халықтық бақылауына мүмкіндік беріп, олардың тиімділігін саралайтын платформалар ұсынбаймыз?!
6)Неге біздер экология мен АШ министірлігінің алдағы жоспарларын ұсынуын талап етіп, оларға өз ұсынысымызды ұсынбаймыз?!
Ит пен құсқа петеция жариялап жатқанда, осындай бағыттардағы ұсыныстар әзірлеп, неге соларға қол жинамасқа?!
Кімге қызық, кімге керек сол бір министірдің орын ауыстырғаны мен бір әкімнің орнына басқасы келгенінің?!
Әй көкелерім-ау!
Олар тек мем. заңдар мен үкімет бағдарламаларын жүзеге асыруына жұмыс жасайтын менеджерлер ғой!
Заң мен бағдарламалар жөнделмей, басы алтын әкім мен министр келсе де қай іс болса да, әсері аз боларын қашан ұғамыз осы?!
Мысалы, утильалымдарын бірәз жерге апарған жігіттерді жабылып тағы бір рет қолдап жіберсек, нағыз халыққа ыңғайлы заңдар мен бағдарламалар қабылданайын деп тұрған шақта, осындай пайдалы істермен емес, қайдағы жоқ кадрлік мәселелерден "ауыздарыңыз" босар емес.
Бүткіл сайттар "Алматы әкімінің ауысқанын" жата-жазып жатыр. Бүгінгі лентаны толтырды. Солардың жариялағандарына барып топыр-топыр шүйліккен бір қауым әйтеуір. Дәл осы ауыс-түйіс науқанын шуылдаттып қоғамды сол жақта "ұстай тұруды" мүдделі олигархтар қаржыландырып жатса да таңқалмаймын. Тіпті, мен сенімдімін дәл солай болып жатқанына. Осындай махинацияны біреулер өздері біліп-білмей соларға керек бағытта "бұрқыратып" жатыр.
Мына жақта еліміздің ертеңіне жоспарланған маңызды заңдар мен бағдарламалар әзірленіп жатқанын білеміз бе өзі?!
Өйткені, президент үкімет басшысына әртүрлі бағыттар бойынша жоспар әзірлеуге нақты тапсырма берді. Олар қазір барлық бағыт бойынша "бас алмай" жұмыс істеп жатыр.
Әй көкелерім-ау!!!!
Ұсынсай енді ұсынарыңды!!!
Нең бар сенің бүгін бар, ертең жоқ әкім мен министірдің кандидаттығын талқылауға уақытыңды құртып. Еліңе пайдалы бағытта жұмыс атқарсаңшы дәл қазір.
Ұжымдас. Топтас. Жұмысшы тобын құр. Зерттеу жаса. Ұсыныс әзірлеп ұсын жоғарыға. Төбедегілердің назарға алуына барынша пайдалан әлеуметтік желіні.
Көсемсіп айтқым келмесе де, айттым ақыры.
Пікірлер