ҰҚШҰ әскері Қазақстанда жаттығу өткізеді

2693
Adyrna.kz Telegram

Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымына (ҰҚШҰ) мүше елдер Қазақстан, Қырғызстан және Тәжікстанда бірлескен оқу-жаттығулар өткізеді. Бұл туралы ҰҚШҰ Біріккен штабының басшысы, генерал-полковник Анатолий Сидоров мәлімдеді.

«Егер 2022 жыл туралы айтатын болсақ, онда біз Орталық Азия мемлекеттерінің аумағында: Қазақстанда, Қырғызстанда және Тәжікстанда бірлескен жедел және жауынгерлік дайындық бойынша іс-шаралардың барлығын дерлік жоспарладық», - деді Сидоров.

Жаттығулар 2022 жылдың екінші жартыжылдығында өтеді. 2022 жылғы 19 қаңтарда ҰҚШҰ ұжымдық бітімгершілік күштерін Қазақстан аумағынан шығару аяқталды. Контингент елдегі жағдайды тұрақтандыруға көмектесу үшін орналастырылған еді.

"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер