Ескерткішті құлатқан азаматтың тырнағына ине кіргізіп, арқасын үтікпен күйдірген

2921
Adyrna.kz Telegram

Талдықорған абақтысында азап көрген Азамат Батырбаевтың (кейбірі оны Назарбаевтың ескерткішін құлатушылардың бірі дейді) әпкесі былай дейді:

- Иә, шеруге шықты. Онда тұрған не бар? Бүкіл Қазақстан шықты. Бүкіл қазақ шықты. Не үшін шықты? Қымбатшылықтан шықты. Жаңаөзенді қорғаймыз деп шықты. Солардың бәрін өлтіріп, қинай беру керек пе?

- Азаматты қалай азаптаған?

- Азаматты азаптағанда сау-тамтық жері жоқ.

Қай жері бар быт-шытын шығарып ұра берген. Шабының ортасынан да ұрған. Ісіп кеткен. Сол кезде бір күн көрдік, әрең жүрді. Айтпайды ғой енді ер азамат.

Қыздар көрген, мен ол күні жұмыста болдым. Тырнағына дейін ісіп кеткен. Қолына дейін тепкілеген. Тырнағына ине кіргізген, арқасын үтікпен күйдірген.

Нұрбек ТҮСІПХАН

Пікірлер