ҰБТ-дағы өзгеріс: Кім екеніңді анықтайтын камера орнатылмақ

2075
Adyrna.kz Telegram

Биылғы ҰБТ тапсыратын түлектерге арналған басты жаңалық – қосымша екінші камераның орнатылуы. Бұл туралы Білім және ғылым министрлігінің жедел кеңесінде белгілі болды, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

Биылғы жылды бастап өтіп жатқан тестілеу "бір компьютер – екі камера – бір тестілеуші" қағидасы бойынша өткізілуде.

"Биыл тестілеудің қауіпсіздігін, ашықтығын және әділдігін қамтамасыз ететін жаңа элементтер енгізілуде. Осындай жаңалықтардың бірі – қосымша бақылау камерасын орнату. Егер бұған дейін бір камера болса, енді екінші камера орнатылады, бақылау құралы адамды анықтайды және белгілі бір уақыттан кейін компьютерде кім екенін жазып алады, осылайша біз тестілеудің барлық кезеңінде сол адам компьютердің алдында отырғанын немесе отырмағанын біле аламыз", – деді білім министрі.

“Адырна” ұлттық порталы

Пікірлер