"Қазақтелеком" АҚ тәуелсіз директорға 72 миллион теңге сыйақы берген

2129
Adyrna.kz Telegram

2020 жылы «Қазақтелеком» АҚ-ның еңбекақы қорына жұмсаған шығыны 100 миллиард теңге. Қызметкерлерге 89 млрд теңге жалақы ретінде, 1,8 млрд теңге сыйақы ретінде төленген.

Ақылы асып туған 4 тәуелсіз директорға шамамен 72 миллион теңге сыйақы аударыпты. Олар шетел азаматтары.

Мысалы, біздің "ұлттық" компания Алексей Николаевич Буянов пен Гаррет Мартин Джонстон әрқайсысына 45 мың доллардан төленген. Қазақстан азаматты Зайка Дмитрий Александрович пен Найзабеков Тимур Құрманғазиұлы әрқайсысы 16 650 000 теңге сыйақы берген.

Оған қоса, оларға директорлар кеңесі комитетінің бетпе-бет отырыстарына қатысқаны үшін сыйақы төленіпті. "Алтын" уақытын бөліп қатысқан ғой.

Енді қараңыз, «Қазақтелеком» ауылды интернетпен қамтамасыз ету үшін Қазақстанның даму банкінен 26,6 млрд теңге қарыз алған. 2032 жылы қайтарады.
Ал ауылда әлі интернет байланысы әлсіз, бірақ "ұлттық" компания онымен бас қатырып жатқан жоқ. Есесіне, басқа компаниялардағыдай басшылардың қалтасы қалыңдап, жағдайы жақсартып келеді..

Біздің ұлттық компанияларымыз халықты асырудың орнына, қарызға белшеден батырып жатыр..

Ерке ЖҰМАТАЙ

Пікірлер