Әйелдер "Қаңтар қасіреті" кезінде зорланғандары туралы шындықты енді айтты

7857
Adyrna.kz Telegram

Осы демалыс күндері Алматыда қайғылы оқиғалардың басталғанына 40 күн толды. Қала тұрғындары қаңтардың қанды аптасын үреймен еске алады. Ресми мәліметтер бойынша, тәртіпсіздік кезінде барлығы 225 адам мәйітханаға жеткізілді. Оның 19-ы-полиция және әскери қызметкерлер. 4,5 мыңнан астам азамат зардап шекті. Осы уақытқа дейін үзілген тағдырлардың жаңа оқиғалары күн сайын пайда болуда. Зардап шеккендер мен қаза тапқандардың туыстары халықтан көмек сұрайды. Ал сол күндері қорланған әйелдер жағдайларын айтып енді келіп жатыр. Осылайша, бұрын белгісіз болған фактілер нақтылануда, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы КТК арнасына сілтеме жасап. 

«Ақиқат» қоғамдық комиссиясының қаңтар айындағы оқиғаларды тергеу жөніндегі жетекшісі Айман Омарова әйелдердің бірінің сол күні топтық зорлауға түсіп қалғанын айтып берді.

«Бірақ ол арыз жазғысы келмейді, ал мен адамды арыз жазуға мәжбүрлей алмаймын. Сол күні топтық зорлау болды. Олар оны сүйреп зорлады. Оның шок алғаны соншалықты, «Тани аласың ба?» дегенде, «Бірін ғана, қалғандарын жоқ» деді”, – деп мәлімдеді Айман Омарова.

Алматыдағы тәртіпсіздіктер кезінде қаза тапқандардың арасында оқиғаның эпицентріне кездейсоқ тап болған ондаған адам бар. Содырлар көшеде бейбіт тұрғындарға шабуал жасап, жеке көліктерін айдап кетіп отырған. Ал жүргізушілер мен жолаушылар жерге құлап, аяусыз қатты соққыға жығылған. Кейін көптеген зардап шеккендер ауруханаларда көз жұмды. Кейбір әйелдер қазір ғана құқық қорғаушыларға зорлау фактілері туралы енді айтып жатыр.

Қоғамдық белсенділер мен заңгерлер зардап шеккендердің отбасыларына көмектесуге тырысуда. Олардың барлығы дерлік психологтардың қолдауына мұқтаж дейді.  Солардың бірі ағасын іздеп Жаңаөзеннен Алматыға келген Мейіргүл Қанатпаева. Қаңтар айының басында із-түссіз жоғалған туыстарын іздеп жүргендер де көмек сұрап жатыр. Солардың бірі – Мейіргүл Қанатпаева. Бүгін Жаңаөзеннен Алматыға ағасын іздеп келді.

“Мен 1993 жылы дүниеге келген ағам Мақсет Қанатпаевты іздеп жүрмін. Өзім Жаңаөзенде тұрамын. Алматыға ағамды іздеу үшін арнайы келдім. Ол 6 қаңтарда Алматыға келіп, сол күні жоғалып кетті. Сол сәттен бастап оның қайда екендігі белгісіз. Ағамды көргендер болса, тауып беруге көмектесіңіздерші, – дейді Мейіргүл Қанатпаева.

"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер