Ақберен Елгезек: Мектептерде социалистік идеологияны насихаттайтын кітаптар тұр

2783
Adyrna.kz Telegram

Жазушы Ақберен Елгезек кітапханалардағы қазақ тіліндегі кітаптар үлесінің аздығына алаңдаушылық білдірді. Осы орайда ол қолданыстағы заңнамаға арнайы өзгерістер мен түзетулер енгізуді ұсынды. Бұл туралы Informburo.kz-ке сілтеме жасап, "Адырна" ұлттық порталы хабарлайды. 

"Қазір қоғамдық маңызы бар деген атаумен кім көрінгеннің кітабы шығып, ешкім бармайтын кітапханаларға тоғытылып жатыр. Жыл сайын! Ал мектеп кітапханаларына бұл кітаптар жетпейді. Әрине, бұлар екі бөлек сала екенін түсінемін. Бірақ, мемлекет біреу ғой. Білім және ғылым министрлігімен бірлесе отырып бұл мәселені шешуге болады деп ойлаймын", – деді Ақберен Елгезек.

Сондай-ақ, жазушы кітапханаларда қазақ тіліндегі кітаптар үлесінің тым аз екеніне тоқталды. Оның дерегінше, қазір мектеп кітапханаларындағы қазақ тілінде шыққан кітаптарының жалпы үлесі – 27 пайыз ғана.

"Қалған 73 пайызы демек орыс тілінде болғаны ғой. 30 жыл бойы шығып келген көркем әдебиет ол мектептерге жетпеген. Сөрелерінде әлі сол социалистік реализм талабымен шыққан ескі идеологияны насихаттайтын кітаптар тұр. Бұл туралы арнайы республикалық кітапханашылар семинарында айтылған. Ойымнан шығарып тұрған жоқпын", – деді жазушы.

"Адырна" ұлттық порталы

 

 

Пікірлер