Құлыбаевтың орнына Баталов келді

2637
Adyrna.kz Telegram

Кәсіпкер Райымбек Баталов «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының (ҰКП) президиумын басқарды. Баталов жұма күні Ұлттық палатаның кезектен тыс съезінде ҰКП президиумының басшысы болып сайланды.

Баталов бұған дейін ҰКП Төралқасының Шағын және орта бизнесті дамыту комитетінің төрағасы болған, сонымен бірге Қазақстан кәсіпкерлер форумы қауымдастығының басқарма төрағасы, Шанхай ынтымақтастық ұйымы (ШЫҰ) іскерлік кеңесінің төрағасы болып табылады. Ол Қазақстандағы ең ықпалды кәсіпкерлерінің бірі.

Еске салайық, 17 қаңтарға дейін «Атамекен» Ұлттық палатасының президиумын Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың ортаншы күйеу баласы, миллиардер Тимур Құлыбаев басқарды. 17 ақпанда Баталовтың Ұлттық палата президиумы басшысының міндетін атқарушы болғаны белгілі болды.

"Адырна" ұлттық порталы

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Кардиолог шокировал мировую медицину: сосуды чистит простой...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Муж поднял потенцию за 1 минуту! Использовал этот метод
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Видео с выпускного "убило" всех родителей: кто это заснял?!
Пікірлер