Кескілескен шайқас: Ресей әскері Киевке шабуыл жасауда

6301
Adyrna.kz Telegram

Украиналық БАҚ көздері Ресей әскерінің жан-жақтан Киевке шабуыл жасап жатқанын айтуда. Украина сарбаздары басқыншы әскерін өткізбеу үшін қалаға апаратын көпірлерді жарып жіберген. Ресей тікұшақтар арқылы да Киев маңына десант түсіруге әрекет жасауда. 

Киевке жақын Гостомельде Украина сарбаздары жауды тоқтатып, бірнеше танктік колоннаның көзін жойған. Қорғаныс министрлігі болса "бүгін өте маңызды күн, бүгін шыдасақ, соғыс позициялық негізге көшуі мүмкін" деп мәлімдеді.

Ұлыбритания қорғаныс министрлігі болса Ресейдің әскери операциясы Кремль ойлағандай іске аспай жатқанын айтуда. Кей ақпарат көздері Киевтегі президент резиденциясына жақын маңда атыс болып жатқанын хабарлауда.

"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер