Біз жастарға жол бермейміз – Тоқаев «Нұр Отанның» кемшілігін атады

4171
Adyrna.kz Telegram

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Нұр Отан» партиясын (партия атауы «Аманат» деп өзгертілді) партия мүшелерінің сеніміне ие адамдарды анықтап, алға жылжытуға шақырды, - деп хабарлайды "Адырна" тілшісі Ақорда сайтына сілтеме жасап.

– Ашығын айтқанда, қазіргі кезде саяси менеджерлерді даярлау ісі ақсап тұр. Қазіргі жағдайда саяси басшылар түрлі мамандармен, жастармен, журналистермен, халықтың барлық өкілдерімен тіл табыса алуы керек. Мұндай адамдар ел арасында аз емес. Әлеуметтік лифтінің жоқтығы – бірден-бір кедергі.  Жас әрі қабілетті мамандарға мүмкіндік бермейміз. Бұл – біздің басты кемшілігіміз. Партия құрылымында Саяси менеджмент академиясы бар. Осы академияның қызметін күшейту қажет, – деді Президент.

Партия төрағасы елді одан әрі жаңғырту жолындағы жұмысында партия мүшелерінің ұсыныс-пікірлеріне сенетінін баса айтты. Сондықтан әрбір қазақстандыққа қазіргі ұлттық күн тәртібін қалыптастыруға атсалысуға мүмкіндік беретін идеялар мен ұсыныстарды жинақтау бойынша республикалық акцияны бастау орынды деп санайды.

Айта кетейік, съезде партияның атын Аманат деп өзгерту туралы шешім қабылданған болатын.

"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер