Мәжіліс депутаты депозитке 10% сыйақы аударуды құптамады

2268
Adyrna.kz Telegram

"Amanat" партиясынан сайланған мәжіліс депутаты Аманжан Жамалов Ұлттық банк төрағасы Ғалымжан Пірматовқа соңғы өзгерістерге қатысты сауал жолдады, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

Сауалының басты негізі, қазақстандықтардың депозитіне 10% сыйақ ы аудару - тиімсіз идея, және мұны жүзеге асырмай, бас тарту қажет деді.

"Біз банктерде жинағы бар азаматтарды қолдап жатырмыз, яғни бюджет қаражаты шынымен мемлекет көмегін қажет ететін азаматтар санатына бағытталмайды", – деді Аманжан Жамалов. 

Президент жариялаған елдің даму бағытына арналған қадамдарға бұл іс қайшы келетінін атап өтті.

"Сонымен қатар сыйақыны алу үшін депозитті кемінде 12 ай бойы сақтау міндетті шарт екенін, сондай-ақ доллар бағамы 15%-тен астам өскенін және ағымдағы құбылмалылықты ескерсек, ұсынылып отырған "бір реттік" шара азаматтардың шетел валютасын сатып алуын тоқтата алмайды", –  деп атап өтті Аманжан Жамалов.

“Адырна” ұлттық порталы

Пікірлер