Қайрат Нұрқаділов саясаттың құрбаны болған Заманбектің ісін қайта ашып жатыр

18588
Adyrna.kz Telegram

Заманбек Нұрқаділовтің ұлы Қайрат Нұрқаділов Нұрсейіт Жылқышыбайдың «Уақыт көрсетеді» бағдарламасына сұхбат берді. Сұхбат барысында әкесінің ісін қайта жаңғыртатынын жариялады, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы. 

Қайрат Нұрқаділов шындықты айтатын уақыт келгенін, айту парызы екенін алға тартты.

«Әкем саясаттың құрбаны болды. Екі рет жүрегінен, бір рет маңдайынан атып өз-өзіне қол жұмсады дегенге келіспеймін. Қайтыс болғанда департаменттегілер мені жәбірленуші болып, барлық сараптама құжаттарға сен қол қоясың деді. Бір жұма өткеннен кейін пальто киген ұзын бойлы органдағы екі жігіт келді. Олар «өз-өзін өлтірді болады, суицид деп жазамыз сен соған келісесің» деді.

Мен келіспеймін десем, олар «асханада ұшып жүрген шыбыннан гөрі сені өлтіру оңай, сен бізге проблема емессің» деді. Сенің балаларың әлі кішкентай оларды ертең кім асырайды деп айтты.

Сосын олар ойлануға бір күн рұқсат берді. Бір күннен кейін бөлімшеге барып құжаттарына келісемін деп қол қойдым», деді ұлы.

Қайрат Нұрқаділов арада 17 жыл өткеннен соң, әкесінің ісін қайта жаңғыртып, тексергісі келетінін айтты.

“Адырна” ұлттық порталы

Пікірлер