Димаш Құдайберген "Қазақстанның жыл әртісі" атанды

3053
Adyrna.kz Telegram

Тикетон - Қазақстанның мәдениет, өнер және спорт саласындағы сыйлығы дауыс беру нәтижелерін жариялады. Нәтижесінде Димаш Құдайберген "Қазақстанның жыл әртісі" номинациясының жеңімпазы атанды. Бұл туралы dimashnews.com сайты жазды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Мәселен, концерттік қызмет бөлімінде "Қазақстанның жыл әртісі" номинациясының шорт-парағына диджей Иманбек, хип-хоп орындаушысы The Limba, "Ирина Кайратовна" шығармашылық бірлестігі, әзілкеш Сәуле Юсупова, әртіс Евгений Чебатков, Ninety One тобы, әнші Yenlik және музыкант Димаш Құдайберген кірді.

“Қазақстанның  жыл әртісі» номинациясының жеңімпазы және жалпы дауыс саны бойынша “6 октава” иесі Димаш Құдайберген атанды.

Айта кетейік, бұл әншінің иеленген алғашқы "Тикетон" сыйлығы емес. Бұған дейін өткізілген сайыстарда да Димаш бірінші орыннан көрінген еді. 

"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер