"Қайта президент еткісі келеді": Януковичтің ұшағы Минскіде байқалды

3302
Adyrna.kz Telegram

Дүйсенбі, 7 наурызда Украинаның бұрынғы президенті Виктор Януковичтің ұшағы Мәскеуден Минскіге қонды. Сол күні кешке ұшақ Минскіден қайта ұшты. Бұл туралы «Украинская правда» газеті жазды, - деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Басылымға Янукович бортындағы рейстер туралы берілген ақпаратқа сәйкес, экс-президенттің ұшағы аптасына бірнеше рет Ресейді айналып өтіп, кейін Беларуське: Мәскеуден Орынборға, Орынбордан - Мәскеуге, Мәскеуден - Мурманскке, Мурмансктан - Сочиге қонған. Оданбөлек тағы да бірнеше рейстер жасалған.

Бұған дейін украиналық БАҚ-та Ресей Януковичті «Украина президенті» деп жариялағысы келетіні туралы ақпарат пайда болған.

Күні кеше Шешенстан басшысы Рамзан Қадыров Украинаның қазіргі президенті Владимир Зеленскийді билікті «заңды» мемлекет басшысы Виктор Януковичке беруге шақырды. Қадыров бұл жағдайда «кем дегенде ішінара кінәні өтеуге» мүмкіндік болатынын атап өтті.

Осындай үндеулерді Ресей мен Украинаның депутаттары да жасады.

"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер