Қазақстан Украинаға 40 тонна көмек жібермек

3391
Adyrna.kz Telegram

2022 жылдың 11 наурызында Нұр-Сұлтандағы жүк қоймасынан Қазақстаннан Украина халқына 40 тонна гуманитарлық көмек жөнелтіледі, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Көмек заттары жүк көліктерімен жөнелтіледі, олар «гуманитарлық көмекті» Украинаға құрлық арқылы жеткізеді.

Украинаның Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Петр Врублевскийдің отбасымен баспасөзге келуі сағат 10:00-ге жоспарланған.

Сондай-ақ БАҚ өкілдері еріктілермен және жинақ бастамашыларымен тілдесу мүмкіндігіне ие болады.

"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер