Орал қаласынан қан-жоса болып соққыға жығылған әйелдер табылды

2089
Adyrna.kz Telegram

Батыс Қазақстан облысының полицейлері екі әйелді аяусыз соққыға жыққан оқиғаға қатысты тергеу жұмыстарын бастады. Қазір күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды, - деп хабарлайды "Адырна" порталы.

Әлеуметтік желіде жан түршігерлік кадрлар тарағанын айта кетейік. Хабарламаларда әйелдердің жер асты өткелінде орналасқан дәмханада өлтірілгені айтылған.


Полиция бастапқыда бұл фотосуреттердің жалған екенін мәлімдеген, бірақ біраз уақыттан кейін олар хатқа түсініктеме берді.

«8 наурыз күні таңғы сағат бестер шамасында Абай даңғылындағы «Андерграунд» кафесінде белгісіз біреу бұзақылық ниетпен екі әйелге дене жарақатын салып, дәрігерлер тексергеннен кейін зардап шеккендер қалалық көпсалалы ауруханаға жатқызылды. 2000 жылы туылған ер адам анықталып, қолданылған шаралармен қамауға алынды, аталған факті бойынша ҚР ҚК 293-бабының 2-бөлігімен «Бұзақылық» сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде)», - деп хабарлады БҚО ПД баспасөз қызметі.

"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер