Алматы марафонына 14 мыңнан астам адам қатысуда

1822
Adyrna.kz Telegram

Алматыда әуесқойлар арасында бұқаралық сипаттағы қайырымдылық спорт шарасы өтуде. Бұл шара осымен жетінші рет өткізіліп отыр.

«2018 жылы алдымызға үш қайырымдылық мақсат қойылған. Бұл - «Мен сенімен біргемін» онкологиялық ауруы бар балаларға арналған алғашқы хоспис. Мұнда ауыр науқасқа шалдыққан балалар медициналық күтімге алынып, туыстарының жанында рухани және психологиялық көмекке қол жеткізеді. Сонымен қатар екі бірдей арнайы (коррекциялық) мекеме, интеллектуалдық кемістіктері бар балаларға арналған мектеп-интернат пен Есік қаласындағы көзі нашар балаларға арналған №6 мектеп-интернат. Алғашқы жиналған жарналық қаржыға спорт алаңдары салынады», - деді «Алматы марафонның» директоры Салтанат Қазыбаева.

Биылғы марафонның жүлде қоры 1,9 млн теңге. Қашықтықты аяқтаған барлық қатысушыларға медаль тапсырылады. Ал алыс қашықтықтың  жеңімпаздары медаль мен қатар ақшалай сыйлыққа ие болады.

Марафонға байланысты бірқатар көшелердегі қозғалыс уақытша тоқтатылды, көшелердегі қозғалыс сағат 14:30-да қалпына келеді.


ҚазАқпарат агенттігі

 

 

Пікірлер