14 наурыздан бастап eGov.kz порталына кіру тәртібі өзгермек

2860
Adyrna.kz Telegram

14 наурыздан бастап eGov.kz порталының пайдаланушылары үшін логин/пароль және бір реттік СМС арқылы кіру жеке-жеке қол жетімсіз болады, деп хабарлады порталдың Telegram-каналы. Бұл туралы "Адырна" ұлттық порталы жазады. 

eGov.kz порталына кіру үшін пайдаланушылар:
• логин / ЖСН енгізу;
• құпиясөзді енгізу;
• мобильді азаматтар базасында тіркелген телефон нөміріне жіберілетін бір реттік СМС-кодты енгізу арқылы кіруді растау қажет. Осылайша қауіпсіздіктің жоғары деңгейі қамтамасыз етіледі.

«Электрондық-цифрлық қолтаңба (ЭЦҚ), биометрия және eGov mobile мобильдік қосымшасының көмегімен QR-кодты сканерлеу арқылы кіру аутентификация әдістері өзгеріссіз қалады. 2FA немесе екі факторлы аутентификация – бұл пайдаланушыны идентификациялау әдісі. Бұл әдіс арқылы сіз өзіңіздің аккаунтыңыздың иесі екеніңізді екі түрлі жолмен растауыңыз керек. Оның көмегімен сіздің деректеріңізге үшінші тұлғаларға қол жеткізу әлдеқайда қиын», – делінген хабарламада.

"Адырна" ұлттық порталы

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Кардиолог шокировал мировую медицину: сосуды чистит простой...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Близость будет по 2.5 часа! Рецепт здесь
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Видео с выпускного "убило" всех родителей: кто это заснял?!
Пікірлер