Қазақстан өзінің тәуелсіздігінде мұндай қатыгездікке алғаш рет тап болды - Бас прокурор

1763
Adyrna.kz Telegram

Қазақстан өзінің тәуелсіздік жылдарында мұндай қатыгездікке алғаш рет тап болып отыр. Бұл туралы бүгін Парламент Мәжілісінің жалпы отырысында ҚР Бас прокуроры Берік Асылов мәлім етті, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Енді "Қасіретті қаңтардың" артқа қалған күндерін мұқият саралап, тиянақты бағалауға болады. Оқиғалардың хронологиясынан бастайын. Митингілер бастапқыда бейбіт болғаны өздеріңізге белгілі. Бірінші қаңтардан бастап батыс өңірлерінің тұрғындары газ бағасын төмендетуді талап етті. Яғни ешқандай саясат болған жоқ, таза әлеуметтік-экономикалық талаптар қойылды. Өңірге жедел түрде жолдаған Үкімет комиссиясы газ бағасына қатысты талаптарды қанағаттандырды. Осыған қарамастан, Алматы, Шымкент және басқа өңірлерде адамдар көшеге шықты. Солардың жалпы саны екі күнде 50 мыңнан асты. Ең көбі Алматыда. Басында жиындар бейбіт сипатта болып өтті. Алайда жағдайдың бақылаудан тыс шығуы қатері сағат сайын арта бастады. Сондықтан әкімдер мен депутаттар халықпен сан рет кездесіп, қоғамдық тәртіпті бұзбауды сұрады. Ал прокурорлар жер-жерде наразылық акцияларының заңсыздығын және оларға қатысты қатысу үшін жауапкершілікті түсіндірді, - деді Бас прокурор.

"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер