Жаркент қаласындағы резиденцияның орнына балаларды оңалту орталығы болады

3144
Adyrna.kz Telegram

Алматы облысының әкімі Қанат Бозымбаев Жаркент қаласындағы резиденциясын балаларды оңалту орталығы жасауды ұсынды, - деп хабарлайды Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Панфилов ауданында аудан тұрғындарымен кездесу өткізген Қанат Бозымбаев «Сөз реті келгенде айта кетейін, осы Жаркент қаласында облыс әкімінің резиденциясы тұр. Жерінің көлемі 1 гаектар. Маған сол резиденцияның қажеті жоқ. Ауданда қонатын жап-жақсы қонақ үйлер бар. Тамақты дәмді дайындайтын дәмханалар көп. Сондықтан резиденцияны балаларды оңалту орталығына өткізіп беремін. Бұл баласының өмір сүруі үшін әр сәтін күреспен өткізіп жатқан, ерекше балаларды бағып-қағып отырған ата-анаға өте керекті орталық болар еді. Орталық жеке меншік бола ма, мемлекеттік бола ма, бәрібір, ең бастысы оның дұрыс жұмыс істеп кеткені маңызды. Сондықтан өтініш, ұсыныстар болса, қарастыруға дайынмын», - деді облыс әкімі Қанат Бозымбаев.

Жалпы Жаркенттегі облыс әкімінің резиденциясы 2013 жылы салынған. Бір қабатты ғимараттың көлемі 910 шаршы метр. Жер аумағы 1 га.

"Адырна" ұлттық порталы

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Этот танец невесты оставит вас без слов! Пересмотрела 10 раз!
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Пышнотелая танцовщица заставила зал замереть! Только посмотрите
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Чтобы суставы не хрустели, а боль ушла, перед сном мажьте этим...
Пікірлер