Алматыда елден 400 мың АҚШ долларынан аса ақша алып кетпек болғандар ұсталды

2080
Adyrna.kz Telegram
Фото: xfile.ru
Фото: xfile.ru

Алматыда елден 400 мың АҚШ долларынан аса ақша алып кетпек болғандар ұсталды, - деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы ҰҚК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

2022 жылдың  25 қаңтарынан бастап қазіргі уақытқа дейін ҰҚК Шекара қызметі 900 миллион теңгеден аса сомаға декларацияланбаған қолма-қол ақшаны елден әкету дерегінің алдын алған болатын.

"ҚР Президентінің "Қазақстан Республикасының қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз ету жөніндегі шаралар туралы" Жарлығын орындау барысында 15 наурызда шекарашылар Алматы қаласының халықаралық әуежайында елден 400 мың АҚШ долларынан аса ақша әкету әрекетінің жолын кесті. Олардың бір бөлігі қос түбі бар сөмкеге жасырылған", - делінген хабарламада.

[caption id="attachment_107153" align="aligncenter" width="300"] Суреттер: ҰҚК баспасөз қызметі[/caption]

Сондай-ақ, шетелге шығу кезінде құқықбұзушылық әрекетін болдырмау үшін ҰҚК Шекара қызметі ҚР қаржы заңнамасының талаптарын сақтау қажет екенін еске салды.

Адырна” ұлттық порталы

Пікірлер