Қазақстанда Сбербанк картасының жұмысы шектелмек

3057
Adyrna.kz Telegram
Фото ашық дереккөздерден алынды
Фото ашық дереккөздерден алынды
Қазақстан Сбербанкі MasterCard пен Visa карталары бойынша ішінара шектеулер енгізеді, деп жазады "Адырна" ұлттық порталы. 
Sputnik.kz хабарлауынша, "18 наурыздан бастап MasterCard, 20 наурызда Visa карталары бойынша ішінара шектеулер енгізіледі. Атап айтқанда, Сбер карталарынан басқа банктердің картасына ақша аудару жағынан шектеу болады. Басқа банктердің банкоматтарынан ақша алынбайды. Ал Сбербанк желісінің өз ішінде барлығы сол күйінде қала береді", - деп мәлімдеді банк мамандары.
СберБанктің барлық картасы (Visa и MasterCard) бойынша басқа ешқандай шектеу болмайды. Қазақстан бойынша және банктің өз ішінде істей береді.
"Сондай-ақ, бұрынғыдай СберБанктің POS-терминалдары арқылы төлем жасай беруге болады. Банкоматтарда ақша беріледі. Sber KZ мобильді қосымшасында аударымдар мен төлемдер жасалады", - дейді банк қызметкерлері.
Пікірлер