Ақтөбелік тұрғын Қадыровтан Кенесарынын басын қайтаруға көмек сұрап отыр (видео)

2685
Adyrna.kz Telegram
Ақтөбелік жігіт Шешенстан басшысы Рамазан Қадыровқа арнап видеожолдау түсірген. Ол қазақтың әйгілі ханы Кенесары Қасымовтың сүйегін қайтаруға көмек сұраған.
Видео YouTube желісіндегі 
" rel="nofollow">Double Q каналында жарияланған. Ермек атты азамат Қадыровқа қазақ батырының Санкт-Петербург мұражайында тұрған сүйегін қайтаруға көмек көрсетуін сұрады.

 

"1837 жылы ол ұлттық-азаттық қозғалысын басқарды. Сіздің әкеңіз сияқты өз ұлтының еркіндігі үшін күресті. Оның басын шауып тастағаннан бері біз тыныш ұйықтай алмаймыз.

Кенесары Қасымұлының сүйегін қайтару туралы өтініш бірнеше рет жасалды. Бірақ оның басын соғыс олжасы ретінде сақтап қалу үшін түрлі себептер тауып отыр", - дейді ол.

Сондай-ақ, жігіт Рамазан Қадыровтан егер Путинмен кездесу сәті түссе, бір өтінішін жеткізсе деген тілек айтты.

"Сіз сөзінде тұратын адам екеніңізді білемін. Сондықтан, егер Путинмен кездесіп жатсаңыз, оған ханымыздың бас сүйегін Қазақстанға қайтаруын сұраңызшы... Өлген адамның сүйегін мұражайда жәдігер ретінде сақтау дұрыс емес. Бұл - күпірлік. Егер батырдың басын елімізге қайтаруға көмектессеңіз біз үшін үлкен мәртебе болар еді", - дейді ақтөбелік азамат.

 ___________________________________________________________________________________________________________

nur.kz

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Вот, что излечит ваши запястья даже в 75 лет! Нужно взять...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Суставы болят не от старости! Найден злейший враг боли в суставах
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Морщины исчезают за ночь! Попробуйте этот домашний метод…
Пікірлер