Үкімет ешқашан мемлекеттік тілді кемсітуге жол бермейді - Руслан ЖЕЛДІБАЙ

3103
Adyrna.kz Telegram
Бүгін Үкімет жанындағы дағдарысқа қарсы Штабтың отырысында талқыланған мәселе бойынша сәл түсінбестік болып жатқан сияқты.
Қазіргі геосаяси жағдайда өздеріңізге белгілі елімізге тауар жеткізу бойынша біраз қиындық туындады. Сондай-ақ, елімізге сырттан келетін кейбір тауарларды өндіруші елдер өз территориясынан шығаруға тыйым салды.
Мұндай жағдайда елде тауар дефициті мен бағаның қымбаттамауы үшін бизнес өкілдері тауарларға заң талабы бойынша мемлекеттік және орыс тілінде жабыстырылуы тиіс этикеткаларды уақытша алып тастауды сұрады.
Оның орнына дүкен сөрелерінде QR код орнатылып, әр азамат тауар туралы ақпарат алу мүмкіндігі пайда болады.
Қарапайым мысалмен айтсақ, мәселен, бизнес үнді қантын елге алып келсе, оны кіргізу үшін қазақ және орыс тілдерінде этикетка жабыстыруы тиіс.
Енді біз бұл талапты алып тастасақ, сіз дүкенге барғанда үнді қантын алсаңыз, ол жерде тек үнді тілінде жазылып тұрады да, ал қасында міндетті түрде болатын QR кодты скандау арқылы қазақ әрі орыс тілінде ақпаратты ала аласыз. Осылайша сіздің ақпарат алу құқығыңыз толық сақталады. Сонымен қатар, елде қант тапшылығына жол берілмейді.
Тағы да қайталап жазғым келеді, бұл тек қазақ тіліне емес, орыс тіліне де қатысты. Сондай-ақ, бизнес өкілдері логистиканы дұрыстағанша уақытша шара ғана!
Үкімет ешқашан мемлекеттік тілді кемсітуге жол бермейді әрі бұл мүмкін де емес!
Руслан ЖЕЛДІБАЙ
Пікірлер