Қазақстан АҚШ пен Батыстың екінші реттік санкцияларының ықпалына түсуі мүмкін

2881
Adyrna.kz Telegram

Екінші реттік санкциялар енгізілсе, Қазақстан экономикасындағы қазіргі қиындықтар тек болмашы проблемаларға айналуы мүмкін. Қазақстан АҚШ пен Батыстың екінші реттік санкцияларының ықпалына түсуі мүмкін, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы. 

Байден әкімшілігінің жоғары лауазымды шенеуніктері Украинадағы қақтығыс шиеленісуін жалғастыруда және қолданыстағы санкциялардың Ресей экономикасына әсері түсініксіз болып жатқандықтан, Ресейге қарсы санкциялардың күрт күшею мүмкіндігін зерттеп жатыр, деп жазады The Washington Post.

Айтпақшы, «екінші реттік санкциялар» экономикалық блокаданың құралы болып табылады, оны АҚШ сирек жағдайларда ғана қолданған. Экономикалық соғыстың бастапқы түрі теңіз блокадасы болса, екінші реттік санкциялар оны біздің қазіргі қаржылық әлемде қайта құрудың жолы болып табылады.

Басылымның жазуынша, егер екінші реттік санкциялар күшіне енсе, Ресейге қарсы өз санкцияларын қолданудан бас тартқан Азия елдері мен басқа да аймақтар Ресейдің санкцияға ұшыраған бөліктерімен өзара әрекеттесуді жалғастыруды немесе Батыс елдерінің экономикасынан бас тартуы туралы екі шешімді қабылдауларына тура келеді.

Осылайша, мұндай сценарийді жүзеге асыруда, яғни үшінші елдерге, оның ішінде Қазақстанға қарсы екінші реттік санкцияларды енгізер болса қазіргі Қазақстан экономикасындағы ағымдағы қиындықтары (валюта бағамының төмендеуі, инфляцияның күтілетін өсуі, инфляцияның баяулауы, ЖІӨ өсімі) түкке тұрғысыз болып қалуы бек мүмкін. Қорыта айтқанда, ел экономикасына қауіп тқніп тұр.

"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер