Бұл Жолдауды алғашқы үлкен тұжырымдама ретінде есептеуге болады – Берік Әбдіғалиұлы

2325
Adyrna.kz Telegram

Парламент Мәжілісінің депутаты Берік Әбдіғалиұлы «TALQYLAU» пікірталас алаңының алғашқы отырысында Мемлекет басшысының Жолдауында айтылған өзгерістер жайлы пікір білдірді, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

«Мемлекет басшысы қаңтар айындағы үндеуінде бұл Жолдауын күзде жасаймын деген еді. Бірақ еліміздегі ахуалдың тез өзгеруіне байланысты Президент Жолдауын шұғыл наурызда айтуға шешім қабылдады. Бірақ бұл ұсыныстар бұрыннан бері дайындалып келе жатқан. Бұны сайлау кезінде де айтқан. Бірақ қаңтардан кейін елімізде ахуал өзгерді», - дейді Берік Әбдіғалиұлы.

Ол сөз арасында әлі реформалар болатанын, себебі мұны халық талап ететінін жеткізді.

«Қазір саяси билік түгелдей Мемлекет басшысының қолына тиді. Қауіпсіздік кеңесі де, партия да, ассамблея да. Яғни, толыққанды саяси реформа жасауға Президенттің мүмкіншілігі кеңейді. Сосын, халықтың талабы күшейді. Ел өзгерісті бұрыннан-ақ талап ететін. Бірақ қаңтар оқиғасынан кейін халық өзгерістерді қазір, бүгіннен талап етіп жатыр.
Сондықтан өзгерістер пісіп-жетілгені туралы талай айтып жүрміз. Осы жолғы Жолдауды алғашқы үлкен тұжырымдама ретінде есептеуге болады. Оның өзін мен алғашқы бастамасы деп есептеймін. Әлі де реформалар болады. Өйткені мұны халық талап етіп отыр. Әлеуметтік желі болсын, халықтың арасында жүрсеңіз де, қайда болсын халық өзгерісті талап етеді», - деді Мәжіліс депутаты.

Оның айтуынша бюджетті жоспарлағанда әрнәрсенің өлемі болуы керек.

«Бірінші кезекте әр адамның жағдайына қарау керек. Әр ауылдан бастап, бюджетті жоспарлағанда әрбір тиын әрбір азаматқа, соның өлшемі болуы тиіс. Адам – бізде барлығына өлшем. Міне, қазіргі біздегі нағыз қағида осы. Соған келе жатырмыз», - деп Берік Әбдіғалиұлы ойын аяқтады.

«Адырна» ұлттық порталы

Пікірлер