Алматыда 5 адамды атып өлтірген Дужнов тағылған айыппен келіспейтінін мәлімдеді

2954
Adyrna.kz Telegram

Алматыда 5 адамды атып өлтірген Игорь Дужновтың ісі Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында қаралып жатыр, деп хабарлайды «Хабар 24». Бұл туралы "Адырна" ұлттық порталы жазады.

Қанды оқиға былтыр кыркүйек айында болды. Сот шешімі бойынша сатылып кеткен үйден Дужновты шығаруға келген екі тәртіп сақшысы,  сот орындаушы, үйдің иесі мен куәгер оққа ұшып, мерт болған. Қамауға алынған Дужнов оқиғадан кейін өз кінәсін мойындаған еді. Бірақ бүгін сот отырысында сөзінен жалтарып, «тағылған айыптармен толық келіспеймін» деп мәлімдеді. Аса ауыр қылмыстар жасады деп айыпталған алматылық атқыш өмір бойы бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Сондай-ақ сот отырысында жәбірленуші тарап соттан Дужновтың әйелі Анаид Демирчянды да қылмыстық жауапкершіліке тартуды сұрады. Әзірге куәгерлерден жауап алынып жатыр.

«Дужнов ҚР ҚК 99, 172, 308, 408 баптары бойынша адамға, бейбітшілік пен қауіпсіздікке, қоғамдық тәртіпке, әкімшілік, сот төрелігі мен жазаны орындау тәртібіне қарсы ауыр және аса ауыр қылмыстар жасады деп айыпталып отыр», - деді қала прокурорының көмекшісі Әлішер Мырзаханов.

"Адырна" ұлттық порталы 

Пікірлер