Қазақстан Ауғанстанды қалпына келтіруге көмектеседі

2197
Adyrna.kz Telegram
Фото: cdn.trt.net
Фото: cdn.trt.net
Қазақстан өңірлік тұрақтылық пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін Ауғанстанға жан-жақты қолғабыс көрсетпек, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы  "Zakon.kz"-ке сілтеме жасап.

Бұл туралы ҚР Сыртқы істер министрлігі ерекше тапсырмалар жөніндегі елшісі Талғат Қалиев Ауғанстанда бейбітшілікке қол жеткізу және қайта қалпына келу үдерістеріне жәрдем көрсетуіне арналған БҰҰ-ға мүше мемлекеттер мен бірқатар халықаралық ұйымдардың донорлық конференциясында мәлім етті.

Сонымен бірге елші еліміз гуманитарлық және басқа көмек көрсету арқылы Ауғанстанды қалпына келтіру бойынша халықаралық күш-жігерге үлес қосуды жалғастырып отырғанын атап өтті.

Отандық дипломат Қазақстанның Ауғанстан халқына көмек көрсету үшін Дүниежүзілік азық-түлік бағдарламасы, БҰҰ-ның гуманитарлық мәселелерді үйлестіру басқармасы және Халықаралық Қызыл Крест комитетінің қорларына ерікті жарналар енгізетінін жариялады.

 

"Адырна" ұлттық порталы 

Пікірлер