Дәридай-жүрек

3284
Adyrna.kz Telegram

Қазақ өнерінде "әгугай" да, "илигай" да, "дариғай" да, тіпті "әләулай" да болды. Ал "дәридай" біреу-ақ. Оны ақынның өзі әу дегенде-ақ енді қайтып ұмытпайтындай етіп зердеңе құйып береді. Жас кезімізде ақын ағамызды Алматының алып сахнасынан көрдік. Ол кезде өзі де онша жасамыс емес-ті. Дүйім жұрттың алдында бақсыдай ойнап отырды. Бірақ, сөзі сүбелі, ойы оралымды, талғамы терең, толғамы тағылымды, берекелі бақсы еді. Дегенмен, домбырасы өзіне онша бағына қоймайды екен. Әттеген-ай, қара сөзді құйындай ойнатқанда, әлі күнге дейін екі шек пен тоғыз пернені игере алмаған несі екен дегенбіз іштей... Бәрібір сол жылдарда Мұқаш Сейітқазиновтің болмыс-бітімі айтыс өнеріндегі ерекше құбылыс ретінде көкейімізде жатталып қалды.

Тілдесудің сәті түспепті. Тіпті амандасып та көрмеппіз. Алайда, жанымыз жақын, ойымыз орайлас. "Ұлытауда Ұлар жүр көзге түспей, Сол Ұлардың қасында бір ақын жүр", - деп, Серік Ақсұңқарұлы жырлағандай, Ұлытаудың ұлылығы мен Жезқазғанның жылылығының бүгінгі бір өлшемі осы Мұқаш ағам секілді көрінеді маған...

Жүрегіме жүк артып,
Ақын болдым несіне?! -
депті ол бірде. Сол жүректі қозғалысқа келтіріп тұрған да ақындығыңыз емес пе?!
Самғай бер, сапарлай бер, соға бер, Дәридай-жүрек!
Туған күніңіз құтты болсын, аға!

Бауыржан ОМАРҰЛЫ

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Не смейте выбрасывать зажимы от хлебных упаковок: они бесценны
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Этот танец невесты оставит вас без слов! Пересмотрела 10 раз!
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Пышнотелая танцовщица заставила зал замереть! Только посмотрите
Пікірлер