Жыл басынан бері Қазақстанға 3 мыңнан астам қандас оралды

2348
Adyrna.kz Telegram

2022 жылдың басынан бері 3 мыңнан астам этникалық қазақ қандас мәртебесін алды. Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады, - деп жазады "Адырна".

«1 сәуірдегі жағдай бойынша 3 078 этникалық қазақ тарихи отанына оралып, кандас мәртебесін алды. 1991 жылдан бері барлығы 1 90,1 миллион этникалық қазақ республикаға оралды», - делінген хабарламада.

Жыл басынан бері Қазақстанға келген қандастардың жартысынан астамы (66,3 пайызы) Өзбекстаннан, 11,3 пайызы Қытайдан, 10,9 пайызы Түрікменстаннан, 2,2 пайызы Моңғолиядан және 9,3 пайызы басқа елдерден оралған.

Отанына оралған этникалық қазақтар:

Алматы облысында (30,2 пайыз);
Маңғыстау облысында (19 пайыз);
Түркістан облысында (11,4 пайыз);
Жамбыл облысында (5,9 пайыз),
сондай-ақ Алматыда (6,5 пайыз), Нұр-Сұлтанда (7,1 пайыз) және Шымкентте (7,6 пайыз).

1 сәуірдегі жағдай бойынша еңбекке қабілетті жастағы этникалық көшіп-қонушылардың саны 62,7 пайызды құраса, 23,2 пайызы еңбекке жарамды жастан кіші адамдар және 14,1 пайызы зейнеткерлер.

Еңбекке жарамды жастағы қандастардың білім деңгейі бойынша 11,5 пайызы жоғары, 39,6 пайызы арнаулы орта білімді, 47 пайызы жалпы орта білімді, 1,8 пайызы білімі жоқ.

Еске салайық, Қазақстанда «оралман» сөзі «кандас» терминімен ауыстырылды. Тиісті заңға президент Қасым-Жомарт Тоқаев қол қойды.

"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер