Денис Теннің өліміне байланысы бар Жанар Толыбаева бостандыққа шықты

4310
Adyrna.kz Telegram

Белгілі мәнерлеп сырғанаушы Денис Теннің өліміне байланысты деп сотталған Жанар Толыбаева бостандыққа шықты, деп хабарлайды  “Адырна” ұлттық порталы ІІМ қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Толыбаева 2021 жылдың желтоқсанында ҚАЖ мекемесінен шығарылған. Ол 2019 жылы қылмыс туралы хабарламағаны үшін 4 жылға бас бостандығынан айырылды. Колонияда жүріп, баласын дүниеге әкелді. 

Қайғылы оқиға 2018 жылдың 19 шілдесінде Алматыда болған. Денис кафеден шығып, көлігінің айналарын екі жігіттің ұрлап жатқанын көреді. Қаша жөнелген оларды қуып жеткен спортшыға бір ұры жамбасынан пышақ салады. Нәтижесінде артерия зақымдалып, қан қөп кетеді. Кейін ауруханада көз жұмды.

Сот 2019 жылдың басында спортшының өліміне қатысты сотталғандарға үкім шығарды.

Арман Құдайбергенов "Ұрлық", "Қарақшылық" және "Адам өлтіру" бойынша айыпты деп танылып, 18 жылға сотталды. Нұралы Қиясовқа "Адам өлтіру" және "Қарақшылық" баптары бойынша 18 жылға бас бостандығынан айыру жазасы кесілді.

Жанар Толыбаева "Қылмыс туралы хабарламау" бойынша кінәлі деп танылды. Ол 4 жылға бас бостандығынан айырылды. Іс барысында оның жүкті екені белгілі болды. Ол екінші баласын түрмеде босанды. Ол жазасын баласымен бірге Алматы облысы Жауғашты ауылындағы ЛА-155/4 түзету мекемесінде өтеді.

Толыбаева баласын босанғаннан кейін бір жылдан астам уақыт бостандықта болған, алайда колонияның сот алқасының уақытында марқұмның туыстарына сотталушының сотқа өтініш түсіргені туралы ешқандай ескерту жібермегендіктен қайта тоғытылған.

"Заң бойынша ауыр қылмыс кезінде жазаның үштен бір бөлігін өтеп, шығуға болады. Егер ешқандай заңбұзушылық болмаса, түрме ішіндегі тәртіп жақсы болса, жазаны жеңілдетеді. Осы мерзімді өтегеннен кейін сотқа арыз жаздым. Баламен бұл жерде отырған маған да оңай емес. Сот шешімімен менің жазам 73-бап бойынша бас бостандығын шектеуге ауыстырылды. Бірақ 1 жыл 3 айдан кейін қайтадан осы жерге, жалпы колонияға оралып отырмын", - деген еді Толыбаева Sputnik Қазақстанға берген сұхбатында. 

“Адырна” ұлттық порталы

Пікірлер