Сөздерді қазақы мақаммен, қазақы әуезбен қолданайық! - Ерболат Қошқарбаев

3767
Adyrna.kz Telegram

Халал емес — Адал!
Харам емес — Арам!
Жұмъа емес— Жұма!
Никах емес— Неке!
Минбар емес— Мінбер!
Баракаллаһ емес— Бәрекелді!
Аллаһ емес— АЛЛА! (ҚМДБ- нің шешімімен)
Альхамдуллилаһ емес - Құдайға шүкір немесе Әлхамдулла!
Мүбарак емес— Құтты болсын !
Ақи емес— Бауырым !
Ифтар емес — Ауызашар !
Иншаллаһ емес - Құдай қаласа, Құдай бұйыртса, Алла нәсіп етсе ...
Ал Аллаһ - тек Оллахи, Иллахи нұсқасында айтылғанда ғана ҚАЗАҚША шығады.
Оллахи шыным осы.
Осылай, сихр емес сиқыр, нафс емес нәпсі деп тізбелей беруіме болады.
Р.S:
Мұсылман бауырлар, орысшадан енді құтылып келе жатқанымызда, арабшаларыңды тықпаламай қоя тұрыңдаршы. Құран, намаз оқығанда сөз жоқ арабша оқиық, сөздерді құранда жазылғандай қолданайық!

Ерболат ҚОШҚАРБАЕВ,

"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер