Блогер Мейіржан, Азизжан, Мейірханның сот ісіне қатысты тың ақпарат шықты

2793
Adyrna.kz Telegram

Мейіржан Төребаев, Азизжан Саидбаев және Мейірхан Шерниязовқа қатысты қылмыстық іс туралы тың ақпарат шықты, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

Mudarabah Capital ісі бойынша тергеушілер Алматы, Нұр-Сұлтан және Алматы облысында орналасқан мүлікті тәркіледі. Бұл туралы ҚР ІІМ Тергеу департаментінің басшысы Санжар Әділов мәлімдеді.

Ең алдымен, мен вайнерлер, блогерлер деп аталатындар туралы айтқым келеді. Олар басқа азаматтармен қатар қолданыстағы Конституцияға сай тең құқықтары мен міндеттері бар қарапайым адамдар. Қылмыстық қудалау органдары үшін олардың ешқандай айырмашылығы жоқ, мәртебесі немесе жұмыс орнының болуы маңызды емес. Айтайын дегенім, өздерін вайнер атап жүргендер (үшеу) қылмыстық жауапкершілікке тартылады, деді ҚР ІІМ Тергеу депаратаментінің бастығы Санжар Әділов.

Бүгінде соттың санкциясымен ол сырттай қамауға алынып, халықаралық іздеу жарияланды, оның жүрген жерін анықтау және қамауға алу шаралары жүргізіліп жатыр, деді Санжар Әділов.

Қазіргі таңда бұл іске байланысты жеткілікті айғақтар жиналғандығы белгілі болды.

Mudarabah Capital ісін тексеру аясында кешенді тергеу шаралары жүргізілді... Осы орайда, мен зардап шеккендерге келтірілген материалдық шығынды өтеу мақсатында (сот санкциясымен. – ред.) тергеушілер Алматы, Нұр-Сұлтан және Алматы облысында орналасқан мүліктерді тәркіледі: төрт жер телімі, 10 пәтер, бес үй, екі көлік, бір дүкен, деді Санжар Әділов.

“Адырна” ұлттық порталы

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Весишь 81? А будешь 51! Похудение для ленивых! Пейте 1 кислую...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Ложку перед сном и все! За неделю уйдет 13 кг возрастного жира...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Муж поднял потенцию за 1 минуту! Использовал этот метод
Пікірлер