Түркия Израильді айыптады: “Мешітке шабуыл жасап, 7 адам қаза тапты”

3101
Adyrna.kz Telegram

Түркия Сыртқы істер министрлігі Израильдің палестиналықтарға қарсы әрекетін айыптады, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы. Бұл туралы Anadolu агенттігі жазды. 

Мәлімдемеде атап өтілгендей:

«Біз Израиль қауіпсіздік күштерінің Палестинаның бірнеше қаласында, атап айтқанда Дженин қаласында 7 палестиналық бейбіт тұрғынды, соның ішінде бір баланы өлтіруін және бүгін таңертең олардың араласуы кезінде намазға жиналған әл-Ақса мешітінде болған мұсылмандарды жаралағанын қабылдамаймыз және қатаң айыптаймыз. Біз аймақтағы соңғы уақытта шиеленістің күшеюіне қатты алаңдаймыз. Әл-Ақса мешітінің мәртебесі мен рухына қатысты арандатушылықтар мен қоқан-лоққылардың алдын алудың маңыздылығын, әсіресе, осынау қиын кезеңде тағы да қайталағымыз келеді.
Оқиғаларда қаза тапқан палестиналық бейбіт тұрғындарға Алланың рақымын, жаралылардың тезірек сауығып кетуін тілейміз» деді.

"Адырна" ұлттық порталы

 

Пікірлер