Алматыда “Za Россию” марафоны аясында "Однажды в России" шоуы өте ме? - ФАКТЧЕК

2239
Adyrna.kz Telegram

Мессенджерлер мен әлеуметтік желілерде Алматыда “Za Россию” музыкалық-патриоттық марафоны аясында "Однажды в России" шоуы өтеді деген ақпарат кең тарап жатыр.

 Афишадағы суретке қарап: “Алматы қаласында 27 мамыр күні "Za Россию” марафоны аясында "Однажды в России" шоуы өтетінін аңғаруымызға болады. Біз бұл ақпараттың рас-өтірігін тексеріп көрдік. 

Үкім: Манипуляция және фейк 

Манипуляция мынада: Иә, шынымен де "Однажды в России” шоуы алдағы күндері: 18 сәуір Павлодарда, 19 сәуір Өскеменде, 22 сәуір Шымкентте, 23 сәуір Атырауда, 25 сәуір Ақтауда, 26 сәуір Ақтөбеде, 27 сәуір Оралда, 26 мамыр Нұр-Сұлтанда және 27 мамыр Алматыда концерт өткізеді екен. “Za Россию” музыкалық-патриоттық марафонына келетін болсақ, аталмыш іс-шаралар легі Ресейдің Украинадағы арнайы әскери операциясын” қолдау мақсатында 5 мамырға дейін Ресейдің 30-дан астам қаласында өткізіледі. Мән беретін жайт: марафон ұйымдастырылатын 30-дан астам қаланың бәрі - Ресейдің қаласы. Тізімде Алматы не болмаса басқа ҚЗ қаласы көрсетілмеген. Екі бөлек ақпаратты “Qazaqeli.ru” деген YouTube-каналы бұрмалап, манипуляция белгілерін пайдаланғанын байқауымызға болады.

Фейк мынада: "Однажды в России" шоуының  ресми сайтында не басқа да ресми сайттарда олардың “Za Россию” музыкалық-патриоттық марафоны аясында концерт ұйымдастыратыны жайлы ақпарат жоқ. Яғни, РФ-сы аумағында өтіп жатқан “Za Россию” музыкалық-патриоттық марафонының афишасы мен алдағы күндері Қазақстанда өтетін “Однажды в России” шоуының афишасы біріктіріліп, ойдан құрастырылған.

Зарина ӘШІРБЕК,

"Адырна" ұлттық порталы 

Пікірлер