Балалар үйінің тәрбиеленушілері Тоқаевтан көмек сұрады

2272
Adyrna.kz Telegram

Талғар қаласындағы «Нұр» балалар үйінің тәрбиеленушілері Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтан көмек сұрап,  әлеуметтік желіге жариялады.

Оларға мекеме заң бойынша тиесілі жәрдемақыларын бермей, тұрғын-үй алу үшін құрылған мемлекеттік тізімге есімдерін енгізбеген.

«Алты жылдан бері алданып келеміз. Бар үмітіміз – Мемлекет басшысында. Сізден осы істі өз бақылауыңызға алуыңызды сұраймыз», – деді Балалар үйінің тәрбиеленушілерінің бірі.

Telegram арнамыздан балалар үйінің тәрбиеленушілерінің бейнеүндеуін көре аласыз.

«Адырна» ұлттық порталы

Пікірлер