Ресейлік юморист және шоумен Максим Галкин әлемде болып жатқан сұмдық оқиғаларға Ресей кінәлі екенін айтты, деп жазады "Адырна" ұлттық порталы.
– Осыншама сұмдық оқиғаларға Ресей кінәлі, алайда олар біз кінәлі емеспіз деп отыр. Бучадағы зұлымдық - біз емес, Малайзиялық "Боинг" - біз емес, Мариуполь жермен жексен болды - бұл тағы біз емес, Одессаға зымыран ұшып жатыр - бұл біз, бірақ біз емес. Біз емес! Ал біз сонда не істеп жатырмыз өзі?", - деп күйінді Галкин.
"Адырна" ұлттық порталы