Алматы облысында Отан қорғаушылар мен Жеңіс күніне орай 2000-нан астам іс-шара өтеді

2019
Adyrna.kz Telegram

 Жақын арада қазақстандықтар үшін ерекше мерекелерге толы көптен күткен мамыр айы келеді. 1 мамырда республикада халықтар бірлігі мерекесі, 7 мамыр – Отан қорғаушылар күні және 9 мамыр - Жеңіс күні тойланады.

Алматы облысында көктемгі іс-шараларды ауқымды түрде атап өтуге дайындық қызу. Олар сәуір айының соңынан бастап атап өтіледі. Мәдени-бұқаралық іс-шаралардан 1 мамырға дейін облыстың қалалары мен аудан орталықтарында «Мамыр шуақ, ынтымақ ұйымы» кітап көрмелері ұйымдастырылды. Жас ұрпақ үшін челлендждер мен флэшмобтар басталады. Спектакльдер қою, «Живой арбат» жанды музыка кеші, «Бейбітшілік - ел тірегі» атты жас ұрпаққа арналған форумдар осының барлығы жетісулықтардың назарына ұсынылады. Сонымен қатар, облыс орталығында, Жастар саябағында Қазақстан халықтары Ассамблеясының қатысуымен фестиваль өтеді. Бұл туралы Алматы облысы ішкі саясат басқармасының басшысы Болат Керімбек баспасөз мәслихатында мәлімдеді.

Жалпы, ағымдағы 2022 жылы Қазақстан халқының бірлігі мерекесі жаңа Қазақстанның мұраттары мен құндылықтары төңірегінде ұлтты ұйыстыру ұранымен өтеді.

Айта кету керек, Алматы облысында Отан қорғаушылар күні мен Ұлы Отан соғысындағы Жеңіс күнін мерекелеудің бірыңғай алгоритмі қолданылады. Осыған байланысты іс-шаралар жоспары әзірленді және жұмыстар жүргізілуде.

Мерекеге арналған іс-шаралар жоспары аясында әр түрлі деңгейдегі және форматтағы 2000-нан астам іс-шаралар (тақырыптық кітап көрмелері, білім беру мекемелеріндегі сабақтар мен кураторлық сағаттар) өтеді, халықтың патриоттық сезімін қалыптастыру үшін фотоконкурстар, форумдар мен фестивальдар, кездесулер, әлеуметтік мекемелердегі қайырымдылық акциялары, концерттік бағдарламалар, челлендждер, спорттық жарыстар және т.б.ұйымдастырылады. Сонымен қатар, Жеңіс күнін мерекелеу күндері онлайн форматта өтетін «Ер есімі-ел есінде» Виты онлайн акциясы ұйымдастырылды.

«ҚР әскери қызметшілері үшін 2020 жылғы 6 мамырдағы № 322-VI "Ардагерлер туралы" ҚР Заңы бекітілгенін атап өткен жөн.Осыған байланысты, жыл сайын жоғарыда аталған санаттардағы Жеңіс күніне орай бір реттік материалдық көмек көрсетіледі»,-деп атап өтті спикер.

Пікірлер