"Қазақ тілді аудиториямен жұмыс жүргізген жөн" - Тоқаев

2766
Adyrna.kz Telegram

"Қазақ тілді аудиториямен жұмыс жүргізген жөн".  Бұл туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мәлімдеді.

«Мәдениетіміз әралуан екенін көрсететін ерекше ақпаратты әзірлеу қажет. Соның ішінде, қазақ тілді аудиториямен жұмыс жүргізген жөн. Қазақ тілді аудиторияның ауқымы кеңейіп жатыр. Бұл – жағымды, оң үрдіс. Қазақстанды дамытуға өзге этностардың қосып жатқан үлесін мемлекеттік тілде насихаттау маңызды. Біз осы бағытта жұмыс істейтін ақпарат құралдарын барынша қолдауымыз керек», -деп атап өтті Мемлекет басшысы Қазақстан халқы Ассамблеясының сессиясында. 

"Адырна" ұлттық порталы 

Пікірлер