Байқоңырда 200-ден астам адам мемлекеттік Гимнді шырқады

2045
Adyrna.kz Telegram

4 маусым – Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері күніне орай Байқоңыр қаласының тұрғындары, жастары, түрлі сала өкілдері 3 маусым күні бір мезгілде ҚР мемлекеттік Гимнін орындады. Салтанатты шара алдымен жиылған жұртшылықтың алдына мемлекеттік көк туымызды ортаға әкелініп басталса, одан әрі Гимн жер кіндігі саналатын Байқоңыр қаласының төрінде шырқалды.

Шара барысында Байқоныр тұрғындарының рухы көтеріліп, егемендігімізді айқындайтын мемлекеттік рәміздерге құрметі шексіз екендігін жеткізді.

Байқоңыр жастарымен қатар түрлі сала өкілдері белсене қатысып, шараның жоғары деңгейде өтуіне септігін тигізді. Атап айтсақ: мемлекеттік қызметкерлер, құқық қорқау органдарының қызметкерлері, ардагерлер, денсаулық саласының мамандары, қаржы саласының мамандары, жұмыспен қамту орталығы, ішкі істер министрлігінің өкілдері, «Amanat» партиясы және шекара қызметкерлері болды. Жалпы жиынға жиналғандар 200 адамды құрап, шеру соңында жастардың қатысуымен ҚР рәміздерінің 30 жылдығы бейнеленген санымен қорытындыланды.

Еліміздің көк байрағы бейбіт аспан астында желбіреп, халқымыздың рухы, болашаққа деген арманы асқақтап, әлемге таныла берсін!
«Сыр жастары» облыстық жастар ресурстық орталығы

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Вот, что излечит ваши запястья даже в 75 лет! Нужно взять...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Суставы болят не от старости! Найден злейший враг боли в суставах
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
У кого болят колени и суставы - читайте пока не удалили!
Пікірлер