366 сотталушы рақымшылыққа ілінді

2045
Adyrna.kz Telegram
egemen.kz
egemen.kz

Қызылорда облысының түзеу мекемелеріндегі 366 сотталушы ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай рақымшылыққа ілінді, деп хабарлайды «Адырна» ұлттық порталы.

Облыстық прокуратураның баспасөз қызметі хабарлағандай, сотталғандардың жеке істері "Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына байланысты рақымшылық жасау туралы" Заңның ережелері мен талаптарына сәйкестігі тұрғысынан зерделенді және жаңартылды. Жүргізілген жұмыстың нәтижесінде 366 сотталған адамға рақымшылық жасалды.

"Атап айтқанда, түзеу мекемелерінде жазасын өтеушілердің 81-і жазадан босатылып, 46 адам бостандыққа шықты, 35 сотталған адамның жаза мерзімі қысқартылды. Пробация қызметінің есебінде тұрған 285 адамның 98-і негізгі жазадан одан босатылып, есептен шығарылды, есепке алынған 187 адамның жаза мерзімдері қысқартылды",-деді ведомствоның баспасөз қызметі.

 

«Адырна» ұлттық порталы.

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Этот танец невесты оставит вас без слов! Пересмотрела 10 раз!
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Позвали Таню, и жены начали уводить мужей. Не стесняется стыдобы
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Морщины исчезают за ночь! Попробуйте этот домашний метод…
Пікірлер