Үш ағайынды жігіт ағасын ұрып өлтірген

3055
Adyrna.kz Telegram
Фото: ашық дереккөз
Фото: ашық дереккөз

Алматы облысында отбасылық жанжал кезінде ағасын балғамен ұрып өлтірген үш жігіт ұсталды, деп хабарлайды «Адырна» ұлттық порталы.

Облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі 1 маусымда Еңбекшіқазақ ауданындағы Лепка көлінде күш қолдану арқылы өлімнің анық белгілері бар белгісіз ер адамның мәйітін тапқанын хабарлады. Оның денесі көрпеге оралған, қолдары жіппен байланған.

Полицейлер жәбірленушінің Тұздыбастау ауылының анасы мен інісімен бірге тұратын 39 жастағы тұрғыны екенін анықтады.

Белгілі болғандай, ер адам ішімдік ішіп, жиі отбасылық жанжал шығарған, сол үшін бірнеше рет жауапқа тартылған. Тәртіп сақшылары кісі өлтірді деген күдікпен жәбірленушінің үш туысын ұстады.

Олар балға мен күректің сабын қолданып, төртіншісін өлтіргенше ұрып-соққан. Кейін мәйітті көрші ауданға апарып, жағалаудағы көлдің батпағына лақтырып жіберген.

«Адырна» ұлттық порталы.

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Танец на выпускном взорвал сеть: смотреть без детей
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Девушка из г Колумбус опозорилась на всю Беларусь! Видео ошеломит
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Весишь 81? А будешь 51! Похудение для ленивых! Пейте 1 кислую...
Пікірлер