Қостанайда үй өртеніп, екі адам көз жұмды

2824
Adyrna.kz Telegram

6 маусымда, түн ауған шақта Қостанайда екі қабатты коттедж жанып кетті. Бұл туралы өңірлік "Наша газета" порталы жариялады, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

Абай даңғылы мен Лермонтов көшесінің қиылысында орналасқан екі қабатты коттедж өртенді. Редакцияға жолданған суреттерде өрт аумағынан біртоп адамның шығып жатқаны көрсетілген.

Куәгерлердің айтуынша, полиция қызметкерлері үйдің терезелерін ұрып, іштегі адамдарды оятуға тырысқан. Сонымен қатар, коттедж бөлмелері жалға берілген деген болжам айтылды.

"Өрт туралы хабарлама сағат 00:06-да келіп түсті. Өрт орнында бірінші деңгейлі күйік шалған төрт адамға медициналық көмек көрсетілді. Сонымен қатар үйдің ішінен төртінші деңгейлі күйік шалған екі адамның мәйіті табылды", - деді денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы Ксения Жылқыбаеева.

”Адырна” ұлттық порталы

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Бегайте в 65 как в 20! Восстановите суставы этим средством...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Галкин и Пугачева станцевали зажигательный танец на Кипре
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Пьяные что ли? Пугачева с мужем шокировали своим развратом
Пікірлер