Қостанайда шенеуніктер адам саудасына қатысы бар деген күдікке ілінді

2921
Adyrna.kz Telegram

Қостанай облысы бойынша Cыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет «Облыс әкімдігінің жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы» ММ лауазымды адамдарына қатысты адам саудасы фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

Олар облыстың әлеуметтік мекемелерінің бірінде мемлекеттің қамқорлығында болған әрекетке қабілетсіз азаматшаны Нұр–Сұлтан қаласындағы қарттарға арналған жеке пансионатқа тегін жұмыс күші ретінде пайдалану үшін табыстады деп күдіктелуде.

Күдіктілердің бірі соттың санкциясымен үй қамауына алынды.

«Күдіктілерге қатысты олардың кінәсінің дәрежесін анықтай отырып, түпкілікті шешім тергеу нәтижелері бойынша қабылданатын болады. ҚР ҚПК 201-бабына сәйкес тергеу мүддесіндегі өзге ақпарат жария етуге жатпайды»,– деп жазды ведомство.

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Это спасет потенцию даже в 70 лет! Продается в каждой аптеке...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Мы с мужем обрели вторую молодость! Вот как ему вернули потенцию…
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Чтобы суставы не хрустели, а боль ушла, перед сном мажьте этим...
Пікірлер